Accessibility links

Бүгін Ресей мен Қытай алғаш рет бірлескен әскери жаттығулар өткізуді бастады


Оның ашылу салтанаты Владивостокте болды. Сегіз күнге созылатын бұл шаралар “Бейбітшілік миссиясы - 2005” деп аталады. Оған 10 мыңдай солдат, 140 әскери-теңіз кемелері және сүңгуір қайықтар, сондай-ақ орыстың Ту-22М атты бомба тасығышы және Ту-95 деген стратегиялық бомба тасығыштары қатысуда. Жаттығулар Қытайдың Шандоң түбегінде аяқталмақшы. Ресей ресми өкілдерінің сөзіне қарағанда бұл бірлескен жаттығулар БҰҰ-ның қолдауындағы бағдарлама бойынша өтуде. Ол бойынша үшінші елдердегі соғысушы жақтарды ажырату үшін арнайы жасақ әзірліктерден өтуі тиіс болатын. Бұл жаттығулар ешқандай үшінші елге қыр көрсетуге бағытталған емес, дегенді әскери және ресми өкілдер мәлімдесті.
XS
SM
MD
LG