Accessibility links

Беларус үкіметі оппозиция басшысының жазасын жеңілдетті


Михаил Маринич АҚШ елшілігі берген құралды ұрлады деп айыпталып, желтоқсан айында үш жарым жылға сотталған. Ішкі істер министрлігі Екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталуына орай рақымшылық науқаны барысында Михаил Мариничтың түрме жазасын бір жылға қысқартты. 65-жасар Михаил Маринич 2001 жылы президенттік сайлауда Александр Лукашенкоға балама құрмақ болды. АҚШ елшілігі Михаил Мариничке құрал-жабдыққа байланысты ешқандай дауымыз жоқ десе де, былтыр ол қамауға алынып, сотталып кетті.
XS
SM
MD
LG