Accessibility links

Махмұд Аббас Газа әуежайын қалпына келтіреміз деп уәде айтты


Палестина президенті Махмұд Аббас кеше мыңдаған жақтастарына еврей қоныстарының әкетіліп жатқанына байланысты қайырылды. Махмұд Аббас Рафах босқындар қосының жанында, қиратылған Газа халықаралық әуежайында сөйледі. Махмұд Аббас Палестинаның құрбандығы мен сабырлығы текке кеткен жоқ, "құанышқа толы тарихи күндерге" куә болдық деді. Махмұд Аббас Израиль 2000 жылы ұшу жолдарын қиратқан Газа әуежайы жақын арада қалпына келтіріледі деп сөз тастады. Махмұд Аббас соңғы бес жылдағы қақтығыстарда Израиль тарапынан қиратылған барлық үйлерді қайта саламыз деп уәде айтты. Израиль Газа секторынан барлық 21 қонысты бір апта бұрын, алдағы сейсенбіде толық шығарып боламыз деді.
XS
SM
MD
LG