Accessibility links

Америкалық кемелер шабуылдардан соң Ақабадан шығып кетті


Иорданияның Ақаба портында тұрған америкалық екі кеме кеше зымырандармен атқыланды. Иорданиялық бір сарбаз қаза тапты, екіншісі қатты жараланды. АҚШ теңізшілеріне зақым келген жоқ. Кемелер де аман, олар Ақаба портынан шығып кетті. Иордания жерінен кеше, сол сияқты, Израиль жаққа зымыран атылды. Ейлат әуежайының маңына түскен зымыран жарылмады. Шабуылдарды "Әл Қаидамен" сыбайлас топ мойнына алды.
XS
SM
MD
LG