Accessibility links

Ресеймен Қытай әскери күштері «Бейбітшілік миссиясы – 2005» аталатын ең алғашқы біріккен әскери жаттығулары одан әрі жалғасуда


«Синхуа» жаңалықтар агенттігінің хабарына қарағанда, әскери ойындар енді Владивостоктан Қытай теңіз жағалауына қарай бет алған. Жаттығуларға екі елден 10 мыңдай әскер қатысуда. 8 күнге жалғасатын бұл әскери жаттығуларда лаңкестік, жікшілдік, әсірешілдікке қарсы күрес шараларын, тәсілдерін шыңдау іске асырылмақ. Қытай сыртқы істер министрі Лидің айтуынша, жаттығулар ешбір елге қарсы бағытталмаған. Талдаушылардың айтуынша, қырғи-қабақ соғысы кезіндегі қарсыластар - Ресей мен Қытай АҚШ-тың Азиядағы үстемдік әрекеттеріне алаңдаулы көрінеді.

AzattyqTV

Екінші Елизавета

91 жастағы патшайым

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG