Accessibility links

Ирақ шекара полициясының бастығы Әли Хамади оққа ұшып, жарақат алды


Генерал кешкісін Бағдад қаласында қарапайым машинаны өзі айдап бара жатқанда жараланған екен. Аурухана өкілдері генерал Әли Хамадиге сілтеме жасап, оқты америкалық сарбаздар атқан деп айтты. Мұндай мәліметті полиция да жариялады. АҚШ әскери басшылығының Бағдадтағы өкілі мұны жоққа шығарды. Әли Хамадидің өзінен мәлімет алу мүмкін болмай отыр.
XS
SM
MD
LG