Accessibility links

“Мұсылман ағайындар” партиясы Мысырдың қазіргі президентін қолдап дауыс бермеуге үндейді


ҚАЙЫР. Мысырдағы тыйым салынған оппозициялық “Мұсылман ағайындар” партиясы 7 қыркүйекте өтетін президент сайлауына түсетін үміткердің бірде-бірін қолдамады, бірақ сайлауда қазіргі президент Хосни Мүбәрәкқа дауыс бермеуге шақырды. 24 жыл бойы үзіліссіз билік басында отырған Х.Мүбәрәк – тағы да президент сайлауына түспекші. Сайлауда одан басқа тағы 9 үміткер бақ сынамақ. Алайда Мысырдағы жетекші 2 оппозициялық партия осы сайлауды өткізуге мүмкіндік берген конституциялық өзгерістерге наразы болып, сайлауға байкот жариялап отыр. Оппозицияның пікірінше, конституциялық өзгерістер - Мүбәрәктің қарсыластарына сайлауда жеңуіне ешқандай мүмкіндік бермейді.
XS
SM
MD
LG