Accessibility links

Өзбекстанның тағы бір қаласында наразылық шеруі басталды


БІШКЕК. Кеше Өзбекстанның Самарқанд қаласында жүздеген саудагер жергілікті биліктің қалалық базарды көшіру туралы шешіміне қарсы наразылық білдірді. Біздің тілшіміздің хабарлауынша, базардың жабылатыны саудагерлерге жексенбі күні ғана хабарланған. Олар наразылыққа шыққан базардың маңайын полиция қоршап алған. Би-Би-Си-дің хабарлауынша, оқиға болған жерге бармақ болған өз тілшісін полиция тұтқындап, оны бірнеше сағат бойы өз бөлімшесінде ұстаған. Наразылық шеруіне шыққан 200-дей адам, негізінен, әйелдер, “Азаттық” Радиосына милицияның өздеріне қарсы күш қолданғанын мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG