Accessibility links

“Дискавери” кемесін Кеннеди атындағы ғарыш орталығына жеткізуге қосымша $1 млн. USD шығын кетті


КАНАВЕРАЛ МҮЙІСІ. Американың “Дискавери” ғарыш кемесі Боинг-747 жүк ұшағымен Флорида штатындағы Кеннеди ғарыш орталығына жеткізілді. Ғарыш кеңістігінде 2 апта бойы жұмыс істеген шаттл-кемесінің тікелей ғарыш орталығына келіп қонуына ауа райының бұзылуы кедергі болған еді. Соның салдарынан “Коламбия” кемесінің апатынан кейін ғарышқа аттанған шаттлдың тұңғыш сапарын ғарыш орталығынан 3.5 мың шақырым қашықтықтағы Оңтүстік Калифорнияда аяқтауына тура келді. Оны Кеннеди орталығына жеткізу үшін НАСА агенттігі қосымша 1 млн. доллар шығынға түсті.
XS
SM
MD
LG