Accessibility links

Германияның Көлн қаласында жексенбі күні папа Бенедикт өткізген, ашық аспан астындағы мінәжат ету салтанатына жарты миллионнан аса халық қатысты


Бұл шара папаның Германияға сапарының соңғы, бесінші күнінде орын алды. Мұнда католик дініндегі жастардың конгресі болған еді. Ол өз сөзінде түрлі секталардың көбейіп кеткенін сынады. Мұндай үдерісті папа Бенедикт діндердің жарылысы сияқты, осылайша дінді тұтыну затына айналдырғылары келетіндей, деген өзінің сипаттама ойын білдірді. Өткен түні 700 мың адам қатысқан діни шара өткізілген болатын. Сол күні жергілікті Мұсылман басшыларымен де папа Бенедикт кездесті. Лаңкестік әрекеттерге қарсы күресте көмектесуге оларды папа шақырды.
XS
SM
MD
LG