Accessibility links

Газа аймағында қалған соңғы еврей елді мекенінен адамдарды көшіру үшін Израйль әскері мен полициясы аймаққа енді


Бүгін таңертең автобустар Нетзаримге келді. Оның 600-дей тұрғыны соңғы рет сиыну үшін синагогаға барды. Өкімет басшысы Ариель Шарон жексенбі күні көшірумен айналысатын жасақ алдында сөйлеген сөзінде олардың міндеттерінің қиын екендігін мойындады. Дей тұрғанмен, Газа аймағынан шығудың Израйль үшін пайдамен аяқталатындығын ол тағы да қайталады. Газа аймағынан кейін Батыс жағалаудағы төрт тұрғын аймақтарын көшіруге Израйль әскерилері кіріспекші.
XS
SM
MD
LG