Accessibility links

Украина Еуроодақпен де, ТМД елдерімен де ортақ тіл тапқысы келеді


КИЕВ. Украина “Біртұтас экономикалық кеңістік” құруға қатысады. Кеше Украина президенті В.Ющенко осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, экономикалық кеңістік құру мәселесімен Қазақстан, Ресей, Украина және Беларуссия басшыларының 26-27 тамызға жоспарланған бас қосуына ресми Киев 10 шақты маңызды ұсыныс әзірлеп қойды. “Біз үшін, деп атап көрсетті В.Ющенко, Батыс пен Шығыс та бірдей маңызды әріптестер. Ең бастысы: біздің Шығыспен арадағы саясатымыз – өзіміздің Еуроодаққа ұмтылған саясатымызға қарама-қайшы келмеуі керек немесе бір-біріне бөгет болмауға тиіс”. В.Ющенконың бұл пікірі – Украинаның экономика министрі Сергей Терехиннің таяудағы “Киев – “Біртұтас экономикалық кеңістіктен” шығады” деген сөзіне қайшы келеді. Бірақ оның бұл сөзін Украина премьері Юлия Тимошенко дереу жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG