Accessibility links

АҚШ-тың әскери кемелеріне қарсы шабуылға байланысты 1 күдікті қолға түсті


АММАН. Иордания өзінің Қызыл теңіздегі Акаба портындағы әскери АҚШ кемесіне қарсы өткен аптада ұйымдастырылған шабуылға байланысты 1 күдіктіні қолға түсіргенін мәлімдеді. Кеше кешкісін Иорданияның мемлекеттік телеарнасы сириялық азамат Мухаммад Хасан Абдулла Әс-Сихлидің тұтқынға алынғаны туралы үкіметтің мәлімдемесін жариялады. Ол мәлімдемеде АҚШ-тың әскери кемелеріне тимей өтіп, иорданиялық жауынгерді өлтірген зымырандық шабуылды Әс-Сихлимен бірге өзге 3 кісінің, оның ішінде - өзінің 2 ұлы мен 1 Ирақ азаматының ұйымдастырғаны айтылады. Өзге 3 күдікті шабуыл болған жұма күні Ираққа қашып құтылған көрінеді. Мәлімдемеге сәйкес, осы 4 кісі - Ирақта шоғырланған негізгі топтың мүшелері сияқты.
XS
SM
MD
LG