Accessibility links

Ливан астанасы – Бейрутта тағы да жарылыс болып, кемінде 3 адам жараланды


БЕЙРУТ. Ливан астанасы – Бейрутта жарылыс болып, одан кем дегенде 3 адам жараланды және айналаға айтарлықтай нұқсан келді. Кеше түнде болған қуатты жарылыс Бейрут шетіндегі Залка ауданындағы сауда орталығы мен қонақ үйді шайқады. Залка ауданының басшысы теледидар арқылы бомбаның іске қосылғанын хабарлады. Оқиға болған ауданды Ливан әскері қоршауға алып, қауіпсіздік күштері бірнеше күдіктіні ұстаған сияқты. Бұл - экс-премьер-министр Рафик Әл-Харири қаза болған ақпан айындағы қастандықтан бері қарай Ливандағы көрнекті саясаткерлер мен тұлғаларға қарсы ұйымдастырылып отырған ең соңғы жарылыс болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG