Accessibility links

Израиль премьері мен Палестина лидері таяуда тағы да өзара жүздесуге келісті


РАМАЛЛА. Кеше Израиль премьер-министрі Ариэль Шарон мен Палестина лидері Махмуд Аббас телефон арқылы сөйлесіп, Газа аймағынан еврей қоныстарын көшіру шарасының ойдағыдай өткенін бірауыздан атап өтті. Палестина өкілі Саиб Аракаттың хабарлауынша, екі лидер кеше аяқталған осы шараның сәтті өтуіне қуаныштарын білдірісті. Өз кезегінде М.Аббас екі жақты бітім бойынша өз міндеттемесін орындайтынын тағы да растап, екі лидер таяуда өзара кездесуге уағдаласты. Сондай-ақ М.Аббас Шаронға: “Біз сіздердің бейбітшілік жолындағы серіктесіміз” деп мәлімдеді. Кеше АҚШ президенті Дж.Буш Израильдің Газадан еврей қоныстарын көшіруін қоштап, “Қасиетті жер бейбітшілік орнатуға жақын тұр” деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG