Accessibility links

Ресми Вашингтон Астананы елдегі адам құқының ахуалын жақсартуға шақырды


ВАШИНГТОН. Кеше Вашингтонда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс пен Қазақстанның сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев өзара келіссөз өткізді. Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Шон Маккормактың хабарлауынша, Райс ханым мен Қ.Тоқаев Қазақстандағы демократиялық реформалардың барысын және осы жылдың желтоқсан айында өтетін президент сайлауы мәселесін талдады. Ш.Маккормактың айтуынша, АҚШ Қазақстанды адам құқының күйін жақсартуға шақырады. Қазақстан – Ирақтағы АҚШ бастаған халықаралық күштерге көмекке өз әскерін жолдаған Орта Азияның жалғыз елі.
XS
SM
MD
LG