Accessibility links

Ирақ конституциясының жобасы тағы кейінге қалтырылды


Ирақ жаңа конституциясының жобасын дайындау комитетінің төрағасы Хұмам Хаммуди жобаны толық жетілдіруге қосымша берілген үш күн жеткіліксіз деп мәлімдеді. Конституция жобасы дүйсенбі күні кешкісін парламенттің қарауына берілген еді. Бірақ араб сұниттерінің өкілдері қарсылық танытқан соң, жоба бойынша дауыс беру кейінге қалтырылды. Дау туғызып отырған басты жағдай – федерализм мәселесі. Ел азшылығы болып отырған араб сұнниттері Саддам Хұсейннің кезінде саяси басымдылық жүргізді. Федерализм жағдайы еңгізілсе – олар шиитердің қоластындағы мұнай көздерінен және саяси биліктен алыстатылып қаламыз деп қорқады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG