Израиль әскері Батыс Жағалаудағы екі еврей қонысына кіріп, еврей қоныстарын әкету жоспарының соңғы кезеңін іске асырып жатыр. Санұр және Хомеш қоныстары тұрғындарының көпшілігі үлкен қарсылық танытқан жоқ. Қарсылық танытқан азаматтар екі қоныста түрлі ғимараттарда бекініп алды, полиция оларға кіру үшін арнайы құрал-саймандарды пайдаланды. Израиль әскери басшылығынң өкілі Яир Навех қарсылық біз күткеннен аз болды деп сипаттады. Батыс Жағалаудан барлығы төрт қоныс әкетілуге тиіс. Газа секторындағы 21 қоныстың барлығы толық шығарылды. Бұл жер Палестина әкімшілігіне қайтарылады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Өлексесі табылған малға ғана өтемақы төлейміз"
Су тасқынының шығыны қалай есептеліп жатыр?
-
Өскемен мен Семей
Жарыққа миллиардтаған несие жұмсаған қалада көше неге тас қараңғы?