Accessibility links

Өзбекстан бас прокуратурасы БҰҰ-ның атына сөгіс айтты


Өзбекстан бас прокуратурасы БҰҰ Босқындар жөніндегі агенттігі Қырғызстандағы өзбек босқындарын кері қайтаруға қарсылық танытады, сөйтіп қылмыскерлер мен террористерді қорғап отыр деп мәлімдеді. БҰҰ Босқындар жөніндегі агенттігі халықаралық ұйымының ізгі мақсаттарына кір келтіреді,- дейді ресми Ташкент. Әндіжанда мамыр айында болған көтерілістен соң жүздеген өзбек азаматы көршілес Қырғызстанға жан сауғалап кеткені аян. 400 ден аса өзбек босқыны қазір Румынияда отыр. Қырғызстан уақытша қамау мекемелерінде отырған 15 өзбек босқынның 11-не БҰҰ агенттігі босқын дәрежесін берді. БҰҰ ұйымы олар еліне қайтарылса – азапқа салынады, тіпті өлтіріледі деп біледі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG