Accessibility links

Ниязов үйлену тойларында ән-күй тек қолма-қол айтылсын деп бұйырды


Түркіменстан президенті Сапармұрад Ниязов қоғамдық шараларда, теледидарда, үйлену тойларында фонограммалар яғни алдын-ала жазылған музыка ойнатылмасын деп бұйырды. Бұл жарлық ел газеттерінде бүгін жарияланды. "Бейтарап Түркіменстан" газеті өз сипаттамысында бұл шара түркімен елінің шынайы мәдениетін сақтап қалуға қажет деді. Оның ішінде түркімен елінің музыка мәдениетін, өлең дәстүрін шетел музыкасының жаман ықпалынан қорғау қажеттілігі бар деп айтылды.
XS
SM
MD
LG