Accessibility links

Ауғанстандағы БҰҰ миссиясы жетекшісі, алдағы айда өтетін парламенттік сайлау кезінде, қақтығыстар болуы мүмкін деп ескертті


Ұйым өкілі Жан Арналдтың Қауіпсіздік кеңесінде айтуынша, Ауғанстанның оңтүстік, шығысындағы шайқас, қақтығыстар жалғаса беретін болса, ол аймақтағы басым көпшілік ұлт - пуштундардың азаматтық құқығына кесір болып тиюі мүмкін.

«Сайлау қарсаңында, дауыс беру кезінде және сайлаудан кейін де бұзықшылық, қастандық әрекеттері болуы әбден мүмкін. Сондай-ақ, шығыс аймақтағы қауіпсіздік шаралары мардымсыз болғандықтан сайлаудың өтуіне кедергілер күшті болмақ», - деді БҰҰ өкілі.

БҰҰ және Ауғандық Адам құқықтары комиссиясы таратқан ақпаратқа қарағанда, парламент мүшелігіне үміткерлерге, сайлауды ұйымдастырушыларға, әскери күштерге және қауым жетекшілеріне қарсы әсірешіл күштер өз шабуылдарын жиілете түскен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG