Accessibility links

Кеше Израиль елдің бас министрі Ариель Шаронның жоспары бойынша белгіленген ауданның бәрінен еврей тұрғындарды көшіріп үлгерді


Кеше Батыс жағалаудағы Санур және Хомеш қоныстарынан жұрт көшірілді. Ал енді босатылған 25 мекенжайдағы үйлер он күн ішінде түгелдей қиратылады. АҚШ президенті Буш Айдахо штатындағы демалыс орнынан тұрып ол көшу шарасына жоғары баға беріп, Палестиналықтар енді белсенді жұмысқа кірісе алатын үкімет құруы қажет деді.

«Газадағы келесі міндет - халық көңілінен шыға алатын еңбекшіл үкіметті жасақтау болмақ. Президент Аббас зорлық-зомбылық әрекеттеріне қарсы күресемін деген. Заңды өздеріне бағындырмақ лаңкестік топтар бар кезде демократияға орын жоқ екендігін Аббас жақсы түсінеді», - дейді президент Буш.

Палестина жетекшісі Махмуд Аббас кеше Ариель Шарон мен президент Моше Катцевке телефон шалып, көш бойынша атқарылған жұмысқа үлкен баға беріп, жаңа келіссөздерге шақырды. Тараптар жақын күндерде кездесуге келісті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG