Accessibility links

Дж.Абидайд: “АҚШ күштері Орта Азияға Ауғанстанға тыныштық орнату үшін келді”


ДУШАНБЕ. Бүгін Душанбеде АҚШ қарулы күштері басқармасының басшысы генерал Джон Абизайд Тәжікстан президенті Э.Рахмоновпен келіссөз өткізді. Келіссөздің артынша АҚШ генералы атап көрсеткендей, өзара әңгіме барысында “Орта Азия аймағы елдері мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық мәселесі және лаңкестік пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес сынды ортақ мақсат-мүдделері талқыланған”. Дж.Абизайд, сондай-ақ, тәжік президентіне аймақ қауіпсіздігін нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Сейсенбі күні Түркіменстанда АҚШ генералы түркімен президенті С.Ниязовқа жолығып, АҚШ күштерінің осы аймаққа қайсыбір елге қарсы тұру үшін емес, Ауғанстанға тыныштық орнату үшін келгенін дәлелдеп бақты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG