Accessibility links

Ресми Исламабад елдегі ауған босқындарының барлық лагерін таяуда жаппақ


ИСЛАМАБАД. Осы күні Пәкістанның Куррам және Бажаур аймақтарындағы босқындар лагерлерінде 100 мыңға жуық ауған азаматы мекен етеді. Бүгін Пәкістан үкіметі босқындар лагерлері елдің “қауіпсіздігіне қатер” төндіреді, өйткені ол лагерлерді Ауғанстанға барып-қайтып жатқан қарулы жасақтар уақытша паналап келеді деп мәлімдеп, таяуда барлық лагерді жабуға кірісетінін хабарлады. Дүйсенбі күні Ауғанстан үкіметі ресми Исаламабадтан бұл ісін кейінге қалдыруды өтінді. Босқындардың істері бойынша БҰҰ-ның Жоғарғы Комиссариаты Пәкістанның босқындар лагерлерін жабу туралы шешімі – халықаралық ережеге, сондай-ақ АҚШ, Пәкістан және Ауғанстан өкілдерінің үш жақты келісіміне сәйкес келетінін нұсқап отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG