Accessibility links

Акаба портындағы АҚШ-тың әскери кемелеріне қарсы қастандықты Ирақтағы “Әл-Қаида” ұйымы ұйымдастарды


АММАН. Иорданияның мәлімдеуінше, өзінің Қызыл теңіздегі Акаба портын тұрған АҚШ-тың соғыс кемелеріне қарсы өткен аптадағы қастандыққа “Әл-Қаида”-нің Ирақтағы бөлімінің қатысы бар көрінеді. Иордания ішкі істер министрі Ауни Йерфастың кеше кешкісін мәлімдегеніндей, тергеу барысы АҚШ-тың соғыс кемелерін зымырандармен атқылау мен иорданиялық лаңкес Әбу Мұсаб Әз-Зарқауи бастаған топтың арасында тығыз байланыстың бар екенін айқындаған. Өткен жұма күні АҚШ кемелеріне қарсы атылған зымыран араб жауынгерін өлтірді.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG