Accessibility links

Ресей мен Қытайдың бірінші бірлескен әскери жаттығуы 8 күн бойы жалғасады


БЕЖИН. Бүгін Ресей мен Қытайдың қорғаныс министрлері Сергей Иванов пен Као Гангчуан екі елдің бірлескен алғашқы әскери жаттығуын – екі жақтың стратегиялық серіктестігін жаңа деңгейге көтерді деп бірауыздан жоғары бағалады. Екі министр бірлескен әскери жаттығудың барысын бақылау үшін бүгін Қытайдың Циньдао портында кездесті. Екі жақтың әскери әуе және теңіз күштері мен жаяу әскерінің 10 мыңға жуық жауынгері және офицері қатысқан әскери жаттығу бір апта бойы жалғасып келеді. “Бейбітшілік миссиясы-2005” деген атаумен өтіп жатқан жаттығу Қытайдың Шаньдунь бұғазында ертең аяқталуға тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG