Accessibility links

Ирақ сүнниттері Ата заң жобасы елдің біртұстығына қатер төнідіреді деп санайды


БАҒДАД. Ирақ парламенті Конституцияның жобасына сүннит арабтары жетекшілерінің келісімін алуға уақыт беру үшін жобаны дауысқа салуды кем дегенде осы бейсенбіге дейін қалдырды. Сүнниттердің саяси көсемдері Ата заң жобасы Ирақтың тұтастығына нұқсан келтіреді деген уәжбен конституция жобасына қарсы шығып отыр. Бүгін сондай-ақ сүннит өкілдері ішкі істер министрлігіндегі “кейбір шийттер” сүннит арабтарының конституция жобасы бойынша референдумға қатысуына кедергі болу үшін тұтқындау шарасын іске асырып жатыр деп айыптады. Министрлік оны жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG