Accessibility links

Өткен жылы Беслан дағдарысы кезінде перзенттерінен айрылып қалған аналар тобы Солтүстік Осетияда ол қасіретті осы кезге дейін ойдағыдай тергеп, зерттемегендігі үшін ресми басшылықты айыптады


15 шақты ана Владикавказдағы сот залында түнеп, ол арадан шықпай қойған. Беслан қырғыны кезінде тірі қалған жалғыз бүлікшіл Нұрпаша Құлаевтың үстінен сот ісі басталды. Аналар комитетіне мүше Рита Сидақованың тілшілерге айтуынша, ата-анаға біреуді соттау емес, ақиқат, шындық керек.

«Құлаевтің үстінен жарты жылдан бері сот ісі жүргізілуде. Ол сот ісі тағы да бірер жылға созылмақ. Бізге жеке-жеке жүргізілетін сот ісі емес шындық керек. Кім білсін, балаларымыздың тағдыры қайталанып біз де құрбан болған өз перзенттеріміздің алдындағы молаларда жатамыз ба, білмейміз. Сондықтан, бізге жедел ақиқат керек», - дейді аналар атынан Рита.

Өткен жылы қыркүйектің 1-інде Бесландағы 1-мектепте болған таңғы жиын кезінде бүлікшілдер мың шақты бала мен ата-ана, мұғалімдерді кепілдік тұтқынға алып, артынша Ресей полициясы ұйымдастырған құтқару операциясы кезінде 330 адам қаза тапқан болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG