Accessibility links

Палестиннің премьер-министрі Ахмед Курей Батыс жағалауда бес палестиндіктің өмірін қиған Израил шабуылын «айуандық» деп айыптады


«Кісі өлтірулер Израилдың Батыс жағалауда бейбітшілік пен тыныштықты қалап отырмағанын көрсетеді. Жағдай өте күрделі, бұл қылмыстар қауіпсіздік қабырғасын тұрғызумен, Иерусалимде қоныстанудың кеңеюімен қатар жүргізіліп жатқанын көріп отырмыз», - деді ол.

«Ислам жихады» және «Әл-ақса азап шегушілер бригадасы» бұл үшін кек аламыз деп ант еткен. Израил әскері кеше кешкісін Тулкармдегі босқындар лагеріне кіріп, күдіктілерді ұстамақшы болғанда, атыс басталып кеткен. Кеше сондай-ақ палестиндік деп күдіктелген бір адам шығыс Иерусалимде бір израилдықты өлтіріп, екіншісін жарақаттап, қашып кеткен. Бұл Израил Газа секторы мен Батыс жағалаудағы израил қоныстарын толық шығарғаннан кейінгі орын алған алғашқы қақтығыстар.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG