Accessibility links

Иранның ядролық келісімдер жөніндегі басты келісімгері Әли Ларижани өз елінің ядролық қару бағдарламасы турасында европалық үштік жүргізіп жатқан келісссөздерге басқа да елдердің қатысқанын қалайды


Егер Иран ядролық қару бағдарламасынан бас тартар болса, экономикалық және қауіпсіздік саласында көмек көрсетеміз деген Европаның ұсынысын Иран қабылдамады. Сөйтіп, Иран бейбіт мақсаттағы ядролық қару бағдарламасын жетілдіру хұқымызды пайдаланамыз деп, кейбір ядролық әрекеттерін қайта жандандырды. Ларижани бүгін ядролық келіссөздер не себепті Франция, Германия, Британиямен шектелуі керек деген сауал тастап, Халықаралық атом энергиясы агенттігі басқаратын кеңестің барлық мүшелері, оның ішінде АҚШ-тың да келіссөздерге қатысуын құптаймыз деген. АҚШ шенеуніктері болса, сәрсенбі күні Иранның Европа ұсынысына назар аударуын сұраған болатын.
XS
SM
MD
LG