Accessibility links

БҰҰ Ливанның бұрынғы бас министрі Рафиқ Хариридің өліміне байланысты тергеу жұмысына Сирияның тиісті көмек ұсынбағанын айтады


БҰҰ жариялаған мәлімдемеде айтылғанындай, Сирия Ливанның бұрынғы бас министрі, қастандық құрбаны болған Рафиқ Хариридің өліміне байланысты тергеу жұмысы барысында БҰҰ-ның тобына тиісті көмек ұсынбаған. БҰҰ бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Ғамбаридің Қауіпсіздік кеңесі алдында айтуынша, Сирия тергеуге қажетті құжаттар және куәлармен қамтамасыз етпеген.

Ливан бас министрі Харири 2005 жылғы ақпанның 14-і күні Бейрутта жарылған бомбадан қаза тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG