Accessibility links

Халықаралық Атом қуаты агенттігінің басшысы бүгін Иран өкілімен кездеспек


БҰҰ ядролық қаруларды бақылау агенттігінен хабарланғанындай, Ирандық бас мәмілегер Әли Ларижани Халықаралық атом қуаты агенттігі басшысы әл-Барадаймен жұма күні кездеспек. Әл-Барадей қыркүйектің 3-і күні Иранның ядролық бағдарлама бойынша міндеттемелері жөнінде есеп баяндамасын жасамақ. БҰҰ-ның атом қуаты агенттігінің талабына қарамастан Иран тамызда ядролық отын жасау жұмысын одан әрі жалғастырған болатын. Иран ядролық бағдарлама бейбітшілік мақсат жасалған, ядролық атом қаруларын шығару ниеті бізде жоқ дегенді айтып келеді.
XS
SM
MD
LG