Accessibility links

Пәкістанның әскери соты бес адамды 2003 жылы президент Первез Мүшаррафқа жасалған қастандыққа қатыстары болғаны үшін өлім жазасына кесті


Әскери өкіл Шауқат сұлтанның айтуынша, бес адамның біреуі солдат болған. Олар оқиғадан бірнеше күн кейін ұсталған. 2003 жылы 25 желтоқсан күні Исламабадқа жақын жерде президент Первез Мүшарраф мінген көлік керуенін көздеп, жол жиегінде жарылған бомбадан президент аман қалғанымен, 16 адам қаза тапқан еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG