Accessibility links

ТМД елдерінің жетекшілері Ресейдің Татарстан республикасының астанасында саммитке жиналды


Саммит Қазан қаласының мыңжылдық мерекесін тойлаумен орайластырылған. Меймандарды қарсы алған Ресей президенті Вл.Путин кездесу алдында Ресей мемелекеттік Кеңесінде:

«Ресейдің мемлекеттік кеңесі елдегі ең бір ықпалды деген саяси институт ретінде қалыптасты. Ол федералдық және аймақтық билік тілдесетін орын ғана емес, сыртқы және ішкі саясатты анықтайтын алаңға айналды», - деп атап көрсетті.

ТМД басшылары Қазандағы саммитте бұрынғы советтік республикалардан құралған мемлекеттер достастығының тиімділігін арттыру, оны қайта құру мәселесін талқылауда. Сондай-ақ, Чернобыль атом электр станциясында болған апаттың 20 жылдығына байланысты арнайы декларация да қабылдауға тиіс.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG