Accessibility links

Өзбекстан парламентінің жоғары палатасы – Сенат Өзбекстаннан АҚШ әскери күштерінің алып шығып кетуі үшін дауыс берді


Сонымен, президент Кәрімовтың АҚШ әскерін Ханабад әуе алаңынан 6 ай ішінде шығару жөніндегі тілегін Парламент бірауыздан қолдады. Сенат төрағасы орынбасары Ф.Мұхитдинованың айтуынша, бұл шешім өте орынды болған.

«АҚШ күштерін Ханабад әуе алаңынан шығару жөніндегі шешім дер кезінде жасалған дұрыс шара. Сөз алған сенаторлардың бәрі түгел Өзбекстан үкіметінің бұл ісін қолдап отыр», - дейді Ф.Мұхитдинова.

К2 деген шартты атауы бар бұл база АҚШ-тың Ауғанстандағы соғыс операциялары кезінде үлкен рөл ойнады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG