Accessibility links

Израил шенеуніктері бүгін Палестин билігін Хамас тобын талқандауға шақырды


Исламдық топ көрсеткен бұл видеотаспадағы адам өзін Хамастың командирі - Мохаммед Дейф деп таныстырған. Ол Израилдың Газа секторынан шығуын қарулы қарсылықтың арқасында жеткен жеңіс деп сипаттап, өз тобын еврей мемлекетін карта бетінен жоқ қылғанша күресе беруге шақырған. Изарил сыртқы істер министрлігінің аға өкілі Гидеон Меир Израилдың Газа секторынан кетуі - Палестин мен Израил арасындағы жағдайды жақсартуға бағытталған дей келе, Дейфтің мәлімдеулері Палестин үкіметі жаугерлік палестиндік топтарға қарсы не себепті күрес жүргізуі керектігін тағы да дәлелдей түседі деп атап көрсеткен.
XS
SM
MD
LG