Accessibility links

Ядролық қарулар бойынша Ирандық бас мәмілегер Али Ларижанидің айтуынша, президент Ахмединажаттың ұсыныстары арқасында ядролық бағдарлама мәселесінде игі нәтижелер болуы мүмкін


Ахмединажаттың жаңа бағдарламасы жақын арада жарияланып қалар екен. Мәмілегердің байқауынша, Британия, Германия және Францияның араласуымен өтіп келе жатқан келіссөздерге өзге елдерді де қатыстырса жаман болмас еді. Оған себеп, Ларижанидің айтуынша, еуропалық 3-4 ел әлемнің өзге мемлекеттері атынан барлық жауапкершілікті өз мойнына түгел ала алмас. Сондықтан бұл келіссөздерге Қытай мен Ресейдің де қатысқандығын Иран қалайды дейді, Ларижани.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG