Accessibility links

ТМД елдерінің Татарстан астанасындағы саммиті сенбі күні өз жұмысын аяқтады


Президент Путинның айтуынша, 3 мемлекет - Қазақстан, Ресей және Беларусь 2005-2006 жылдарға арналған бір топ ресми құжатқа қол қоймақ. Ортақ экономикалық аймаққа арналған ол құжатта ортақ салық, кеден және көлік жүйесіндегі тариф мәселесі бар. Ал Украина президенті Ющенконың айтуынша, Киев түгелдей болмаса да, ол құжаттардың бірқатарына қол қоюға дайын екен. Өз кезегінде Грузия президенті Саакашвили өз әскерін жоспардан ертерек алып шығып кете бастағаны үшін Ресейге ризашылығын білдірді.

«Әскери базалар бойынша Ресей президентімен өзара ынтымақтастығымыз үшін мен ризамын. Путинның жасаған алғашқы батыл қадамы оның шешім жасауға жауапкершілікпен келетіндігін көрсетеді», - деді Грузия президенті.

Кейбір проблемаларға қарамастан Саакашвили өз елінің ТМД құрамынан шығу ниеті жоқ екендігін білдірді.
XS
SM
MD
LG