Accessibility links

Иранда сот өкілдеріне қарсы қастандықтар жиі қайталанып келеді


ТЕҺРАН. Иранда сыбайластық жемқорлық бойынша ірі қылмыстық істі қарауға қатысқан судья Мухаммад Риза Агазадеге қастандық жасалды. Оған Теһрандағы өз үйінің маңында оқ атылды. Судья ауыр жараланды. Рейтер агенттігің хабарлауынша, Иранның сот билігі өткен айда судьяларға қарсы ұйымдастырылған бірқатар қастандықты тергеу үшін арнайы комитет құрды. Өткен айда бір судья пышақталған болса, екіншісінің бетіне қышқыл шашып ауыр жаралады. Бірнеше реформашыл диссидентті соттаған үшінші бір судья Теһранда оққа ұшты.
XS
SM
MD
LG