Accessibility links

Үндістан басшылығы 30 жылдай үзілістен кейін Ауғанстанға тұңғыш сапармен келді


КАБУЛ. Бүгін Ауғанстан президенті Хамид Қарзай Кабулға ресми сапармен келген Үндістан премьер-министрі Манмухан Синхпен аймақ қауіпсіздігі мен терроризм проблемаларын талқылады. Кабулда М.Синхпен бірлесіп өткізген баспасөз-маслихатында Х.Қарзай: “Пәкістан мен Үндістан арасындағы бейбітшілік – аймақ қауіпсіздігі үшін өте маңызды” деп атап көрсетіп, терроризмді ауыздықтау үшін осы екі елді күш біріктіруге шақырды. Үнді премьер-министрі Дели Кабулға 50 млн. доллар көлемінде қосымша көмек береді деп мәлімдеді. Бұған дейін ресми Дели Ауғанстанға 500 млн. доллар мөлшерінде көмек беруге міндеттенген болатын.
XS
SM
MD
LG