Accessibility links

Ж.Талабани: “Ирақтың жаңа конституциясы 15-қазанда өтетін референдумда қабылданады”


БАҒДАД. Ирақ президенті Жалал Талабани халықты ұзақ талас-тартыстан кейін бүгін мақұлданған жаңа конституцияны қолдауға шақырды. Журналистермен кездесуінде Талабани жаңа Ата заңның жобасы 15 қазанда өтетін референдумға шығарылатынын хабарлады. Конституциялық комиссияның шийт және күрд мүшелері жобаға сүнниттердің талабы бойынша бірқатар өзгеріс енгізген соң оны бүгін қол қойып мақұлдады. Парламентте сөйлеген сөзінде осы комиссияның төрағасы Хумам Хаммуди: “Ата заңның бұл нұсқасы – менің және конституциялық комиссияның көп мүшелерінің пікірінше, Ирақ халқы үшін ең ұтымды үлгісі болып табылады”, - деп атап көрсетті. Алайда, аталмыш комиссияның сүннит мүшелері жобаны қолдамады.
XS
SM
MD
LG