Accessibility links

Пхеньян өзінің ядролық бағдарламасы бойынша келіссөзге қыркүйектің ортасында оралмақшы


ПХЕНЬЯН. Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарыс бойынша 6 жақты келіссөз қыркүйек айының ортасында қайта жалғасуы мүмкін. Ол жайында бүгін осы елдің сыртқы істер министрі Пак Нам Сун хабарлады. Бастапқыда 6 жақты келіссөздің кезекті сатысын қыркүйектің басында өткізу жоспарланған болатын. Бірақ АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери жаттығуларының өтуін желеу өтіп Пхеньян оған барудан жалтарды. Пехеньянды ядролық ізденістерінен бас тартуға көндіру үшін соңғы 3 бойы жалғасып келе жатқан келіссөзге Қытай, Ресей, АҚШ, Жапония, Солтүстік және Оңтүстік Корея өкілдері қатысуда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG