Accessibility links

Ресми Ташкент оппозиция мен тәуелсіз журналистерді қудалауын жалғастыруда


ТАШКЕНТ. Өзбекстан милициясы саяси оппозицияның 1 өкілін қамауға алды. Ресми тіркелмеген “Азат дихандар” партиясының жетекшісі Нигора Хидоятованың хабарлауынша, осы партияның Елена Урлаева деген мүшесі қолына ерікті шаруа партиясы туралы кітапты алып келе жатқан кезінде сенбі күні тұтқындалған. Әндіжандағы мамыр айында болған халық толқуын үкімет әскерінің аяусыз басып-жаншуынан бері Өзбекстанда тәуелсіз журналистер мен оппозиция өкілдері және тіпті адам құқын қорғаушылар ресми билік тарапынан жаппай қудалауға душар болды. Батыс елдері мен халықаралық ұйымдар ресми Ташкентті осындай әрекеті үшін ащы сынға алып отыр.
XS
SM
MD
LG