Accessibility links

Ресми Ташкент 450-дей өзбек босқынын Румынияға жіберген Бішкектен қалай “кегін” алды?


БІШКЕК. Қырғызстанның газ тасымалдаушы компаниясының өкілі Қуанышбек Жүсіповтің бүгін мәлімдегеніндей, ешбір себебін түсіндірместен Өзбекстан үкіметі 2006 жылдың тамызына дейін газ сату турлы келісімді бір жақты бұзып, Қырғызстанға газ беруін доғарды. Оның атап көрсетуінше, енді алдағы қыста дағдарысқа ұшырамау үшін Бішкек газды Қазақстаннан көбірек сатып алуға мәжбүр болады. Ресми Ташкент өзінің бұл әрекетіне ешқандай түсініктеме берген жоқ. Бірақ Қ.Жүсіповтің айтуынша, Бішкек Ташкенттің бұл шешімін Қырғызстандағы 450-дей өзбек босқынын Румынияға жіберумен тығыз байланысты деп есептейді.
XS
SM
MD
LG