Accessibility links

Пхеньян өзінің ядролық бағдарламасы бойынша 6 жақты келіссөзді 12 қыркүйекке шақырады


ПХЕНЬЯН. Солтүстік Кореяның сыртқы істер мнистрлігі бүгін өзінің ядролық бағдарламасы бойынша 6 жақты келіссөзді 12-інші қыркүйекте қайта жалғастыруға шақырды. Бастапқыда келісім бойынша, 6 жақты келіссөздің кезекті сатысын қыркүйектің басында – осы аптада бастау жоспарланған болатын. Бірақ Пхеньян АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери жаттығуларының өтуін желеу өтіп оған барудан жалтарды. Пхеньянды ядролық ізденістерінен бас тартуға көндіру үшін соңғы 3 бойы жалғасып келе жатқан келіссөзге Қытай, Ресей, АҚШ, Жапония, Солтүстік және Оңтүстік Корея өкілдері қатысуда.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG