Accessibility links

Косовоның Грасаница елді мекенінде этникалық сербтер дүйсенбі күні бейбіт түрдегі шеруге шықты


Себебі, сенбі күні Уросевач-Скопье жолында белгісіз біреулер екі серб жасын өлтіріп, тағы екеуін жаралаған болатын. Белградта серб басшылары БҰҰ-ның Косоводағы қызметін, мұндағы серб азшылығын жергілікті албандардан қорғай алмай отыр, деп сынға алды. Дегенмен, аталған оқиғаның этникалық астары бар, дегенді анықтау керектігін БҰҰ өкілі мәлімдеп отыр. Құрама Штаттары Косоводағы барлық тараптарды сабырлылыққа шақырып отыр.
XS
SM
MD
LG