Accessibility links

Қазақстаннан Шешен елі аумағында қылмыстар жасады деп айып тағылған Ресей азаматы экстрадицияланды


Қыркүйектің 1-күні Астана халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасы Бас прокурорының санкциясы бойынша Ресей азаматы Рустам Чагилов РФ заң қызметкерлерінің қолына берілді. Ресей Федералдық Қауіпсіздік қызметі Рустам Чагиловқа заңдастырылмаған қарулы құрылымдарға қатысқаны және заңсыз қару-жарақ сатып алып, сақтағаны үшін айыпты деп тауып, іздеу жариялаған болатын.

Бұл туралы жұма күні “Азаттық” радиосына берген сұхбатында, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері Мұхтар Анарбеков, Қазақстан Республикасының бас прокурорының рұқсатымен, 1993 жылы қабылданған отбасылық, азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмектер көрсету және құқықтық қатынастар туралы Минск конвенциясы негізінде, Ресей Федерациясында іздеуде жүрген сол елдің азаматы, 1978 жылы туған Чагилов Рустам Русланұлы Ресейдің заң орындарына берілді. 2005 жылдың маусым айында Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі оған Шешенстан Республикасының аумағында қылмыстар жасады деген айыптау негізінде іздеу жариялаған екен. Рустам Чагилов осыдан біраз уақыт бұрын Тараз қаласында прокуратура органдарынының қаулылары негізінде оны экстрадициялау үшін қамауға алған болатын, дейді.

«Халықаралық және ТМД елдері арасындағы келісім-шарттар бойынша іздеу жарияланған азамат ұсталған жағдайда экстрадициялануы заңды. Себебі, ол халықаралық заңда бекітілген. Ресей азаматы Рустам Чагиловтың экстрадициялануы заң талаптарына сәйкес ешқандай басқа пікір тудыра алмайды», - дейді заңгер Мұстахим Төлеев.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметі бойынша соңғы 4 жылда іздеу жарияланып Қазақстан аумағында ұсталған 20 азамат өзге елдерге экстрадияцияланған. Олардың ішінде Қытай, Түрік, Тәжікстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің азаматтары бар.
XS
SM
MD
LG