Accessibility links

Бүгін АҚШ Конгресі апат болған 3 штатқа 10,5 млрд доллар қаржы бөлу туралы президент Дж.Буштың сұрауын мақұлдауға тиіс


ВАШИНГТОН. Өткен дүйсенбіде “Катрина” дауылы жайпап өткен Нью-Орлеан қаласы мен басқа да мекендердегі қарақшылық пен тонаушылықты ауыздықтап, қоғамдық тәртіп орнатуға Ұлттық ұланның қосымша күші жұмылдырылады. Нью-Орлеан әкімі Рэй Нэйджин өз баспаналарынан айрылған мыңдаған тұрғынға көмек беруге жергілікті биліктің мұршасы жетпейтінін мәлімдеп, жан дауысымен көмекке шақыруда. Қанша адамның қаза болғаны туралы әлі ресми мәлімет жоқ, бірақ Мексика шығанағы жағалауындағы 3 штатта құрбандардың саны мыңнан асатын тәрізді. Бүгін АҚШ Конгресінің қос палатасы да апат болған аймақтарға 10.5 млрд. доллар қаржылай көмек бөлу туралы президент Дж.Буштың сұрауын мақұлдауға тиіс. Әлемнің 20-дан асатын елі АҚШ-қа көмектерін ұсынды, ал Вашингтон кез-келген көмекті қабылдауға дайын.
XS
SM
MD
LG