Accessibility links

Әлемнің 20-дан асатын елі АҚШ-қа көмектерін ұсынды, ал Вашингтон кез-келген көмекті қабылдауға дайын


ВАШИНГТОН. “Катрина” дауылынан жапа шеккен Нью-Орлеан қаласы мен басқа мекендерде қоғамдық тәртіп орнатуға Ұлттық ұланның қосымша күші жұмылдырылмақшы. Нью-Орлеан әкімі баспанасыз қалған халыққа көмек беруге жергілікті биліктің мұршасы жетпейтінін мәлімдеп, жан дауыспен көмекке шақыруда. Қаланың 20 мыңға жуық босқын жиналған орталығындағы бір әйел ресми билікті тәртіп орнатуға шақырды: “Билік жоқ. Не ұлттық ұлан, не полиция... ешкім жоқ. Мына халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың күнделікті тіршілігін ұйымдастыратын биліктің болуы керек қой!” деп жалбарынады. 3 штатта апаттан қанша адамның қаза болғаны белгісіз, бірақ олардың саны мыңнан асатын тәрізді. Бүгін АҚШ Конгресі осы штаттарға 10.5 млрд. доллар көмек бөлу туралы президент Дж.Буштың сұрауын мақұлдауға тиіс. Әлемнің 20-дан асатын елі АҚШ-қа көмектерін ұсынды, ал Вашингтон кез-келген көмекті қабылдауға дайын.
XS
SM
MD
LG