Accessibility links

Бүгін 6 жылға созылған 2-ші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 60 жыл толды


ТОКИО. Бүгін 6 жылға созылған 2-нші дүниежүзілік соғыста Жапонияның жеңілгендігін ешбір шартсыз мойындағанына 60 жыл толды. Токио шығанағында АҚШ-тың “Миссури” соғыс кемесінде жапон өкілдері 1945 жылдың 2-нші қыркүйегінде өзінің жеңілгендігін мойындайтын құжатқа қол қойып, оның ізінше АҚШ кемелерінің керуені Токио шығанағына 13 мыңдық әскерін түсірді. Күншығыс келі өзінің жығылғанын АҚШ-тың Хиросима мен Нагасаки қалаларына атом бомбаларын тастауы мен 8-інші тамызда Совет Одағының Жапонияға соғыс жариялауынан соң мойындады. АҚШ күштері Жапониядан 1952 жылы шығарылып, Токио Вашингтонның ең жақын одақтасының бірі болып қалды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG